Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкент - менің Отаным!

Сұқбат

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өткен «Шымкент ­– менің Отаным» атты байқаудың қорытындысы шықты. «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының бастамасымен өткен  апталық форум онлайн форматта болды. Байқауға Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен  «Рухани жаңғыру» бөлімінің қызметкерлері қазылық етті. Додада М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 7 факультетінен 50-ге жуық өнер көрсеткен.  

Олар қазақ тілінде көркем сөз оқып, ұлттық би билеп, ұлттық ас әзірлеп, мақал-мәтел айтып, қазақ тарихын, мәдениетін, тілін, өнерін, салт-дәстүрін білуден жарысқа түскен.  

Қазылар шешімімен «Күмбірлеген күй» номинациясында «Филология» факультеті студенті Абажова Диана, «Мың бұралған қазақ биі» номинациясында «Мәдениет және спорт» факультеті студенті Степанюга Анастасия, «Қазақ өлеңдерін мәнерлеп оқуда» «Заң» факультетінің студенттері Искандерова Диана, Калманова Гүлсанам, Абдуалиева Камола,  Мақал-мәтел жарысында «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің студенті Алямшина Дилана марапатталды.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу