Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкент тұрғыны науқас балалардың атын жамылып ақша жинаған

Құқық
Шымкент тұрғыны науқас балалардың атын жамылып ақша жинаған

Шымкентте алаяқ жеңіл ақша табу үшін сырқат балалардың өмірін  желеу еткен.

Шымкенттің 23 жастағы тұрғыны Instagram әлеуметтік желісінде науқас балалардың еміне қаражат жинауға арналған аккаунт ашқан. Түрлі ауруға шалдыққан балалардың фотосуреттерін пайдаланып, желі қолданушыларын алдап соққан. Аккаунтта өзінің жеке банк шотын көрсеткен. Осылайша, адамдардан 32 млн теңге жинап алыпты.

Ал балалардың ата-аналары бұл жағдайдан мүлде хабарсыз болған.

Алаяқ  қазір ұсталып, қамауға алынды.

Тінту кезінде одан VIP нөмірлері бар екі автокөлік пен аса ірі сомада ақша тәркіленді.

Фото: vesti-yaroslavl.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу