Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте 30 мыңнан аса отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

Спорт
Шымкентте 30 мыңнан аса отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

Шымкент қаласы әкімдігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен «Берекелі Рамазан керуені» атты қайырымдылық шарасы өтуде. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткен бұл шарада қаланың бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы әкімдікпен бірлесіп атқарған қайырымдылық жұмыстарын баяндады.

– Бүгін қаламыздағы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарындағы 6 мешітте көпбалалы және тұрмысы төмен 1000 отбасына азық-түлік себеттері беріледі. Рамазан айының бірінші онкүндігінде 17 100 отбасына көмек көрсетілген болатын. Екінші онкүндік әлі аяқталмаса да 15 мыңнан аса отбасыға азық-түлік өнімдерін үлестіріп үлгердік, деді Бақдәулет қажы Нұрматұлы.

Қайырымдылық шарасы Рамазан айының соңына дейін жалғасын таппақ. Бүгінде қалада «Рамазан – қайырымдылық айы» қайырымдылық шарасы бойынша көмек алушылардың базасы жасалып, шаһардағы «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Нұр-Төбе», «Сайрам», «әл-Біләл» мешіттері таңдалып, орталықтандырылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу