Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте алғаш рет пәтерін жалға берген тұрғын сотталды

Оқиға
Шымкентте алғаш рет пәтерін жалға берген тұрғын сотталды

Шымкентте алғаш рет пәтерді жалға берген иесі қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

«А» есімді азаматша пәтерді газ қызметімен келісімсіз және газ қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, жалға берді. Нәтижесінде пәтерде газ ағуы орын алып, пәтерді жалға алушы «Б» көмірқышқыл газымен улану салдарынан қайтыс болды.

2025 жылдың 18 сәуірінде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты азаматшаны ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы («Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу») бойынша кінәлі деп тауып, 4 жыл шартты жаза тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі.

Бұл жағдай пәтерді жалға беріп, табыс табатын әрбір азаматтың жалға алғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті бар екенін айқындады. Жауапсыздық ауыр зардаптарға және қылмыстық жауапкершілікке алып соғуы мүмкін.

Фото: Pixabay 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу