Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте ардагерлерге 1 миллион теңгеден берілді  

Спорт
Шымкентте ардагерлерге 1 миллион теңгеден берілді  

Шымкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, Жеңіс мерексіне орай шаһардағы әр қарт майдангерге 1 миллион теңгеден берілген. Қаражат соғыс ардагерлерінің есеп-шоттарына толығымен аударылған. Бүгінгі таңда қалада Ұлы Отан соғысының 21 ардагері тұрады. Сондай-ақ, қаладағы 3307 тыл ардагеріне 35 мыңнан астам теңге бір реттік  төлем ретінде беріліп жатыр. Қалалық мәслихат шешімімен тыл ардагерлеріне барлығы 115 млн 758 мың теңге бөлінген.

Ал 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға, яғни, Ауғанстан ардагерлеріне, Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан жандарға, Семей полигонынан зардап шеккендерге 105  мың теңге аударылған.

Шымкент қаласында бүгінде 82 124 зейнеткер бар. Оның 21-і Ұлы Отан соғысының ардагері, 3307-сі тыл еңбеккері және 1728-сі ҰОС қатысушыларға теңестірілген азаматтар.
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу