Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Malim.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 22 ақпанда таңертең болған. Деректі Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Бұл дерекке қатысты "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Павлодарда іздеуде жүрген 15 қылмыскер ұсталғанын жазған едік.