Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте таза ауа басты назарда

Сұқбат
Шымкентте таза ауа басты назарда

Шымкент қаласының экологияляық жағдайын, ауасын тазартуда жыл басынан бері 976 гектарға 90 мың дана ағаш көшеті егілген. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелерге 17 мың ағаш көшеті тегін таратылған. Бұдан бөлек, осы жылы Шымкент шаһарында ауаның ластануы жоғары 10 аймаққа автоматтандырылған бекеттер (датчиктер) орнатылмақ.

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев мәлімдеді. Басқарма басшысының сөзінше, қалада атмосфера ластануының негізгі көзі жылыту жүйелерінің жұмысы толық жолға қойылған. Яғни, жақында өнімділігі сағатына 250 000 м3 болатын 3-ші автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы аяқталмақ.

 

«Қалада газ отынымен жүретін жаңа автобустар көбейген. Ал автомобиль газ толтыру компрессорлық бекетінің құрылыс жұмыстары аяқталған соң, аталған қоғамдық көліктердің саны едәуір арта түспеді»,- деді басқарма басшысы. Ахмет Татыбаевтың сөзінше қала экологиясын жақсарту мен оған қатысты жұмыстардың орындалуы тікелей қала басшысының бақылауында екен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу