Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте «жасыл қала» акциясы өтті

Сұқбат
Шымкентте «жасыл қала» акциясы өтті

Бүгін 1 мамыр- Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай Шымкенттің барлық ауданында, барлық көшесінде барлық мекеме қызметкерлері «жасыл қала» сенбілігін өткізді.

Мемлекеттік қызметкерлер, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, студенттер ашық аспан астында, таза ауада, әлеуметтік қашықтықты ұстап, жасыл аймақты, аяқжолдарды, ирригация жүйелерін, сынған бұтақтарды және қоқыстардан арылту, қала аумағындағы саябақтар, гүлзарлар және аллеялар, «Қошқар ата» өзені жағалауын тағы да басқа жерлерді тазалап шықты.

 Сенбілік акциясына қала белсенділері, волонтерлік ұйымдардан бөлек «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қызметкерлері, өзге ұлт өкілдері де білек сыбана атсалысты.

Ал қала әкімі Мұрат Әйтенов бастаған, қалалық мәслихаттың депутаттары қоштаға, Қазақстан халқы Ассамблеясы аясындағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, зиялы қауым өкілдері тізе қосқан көпшілік Тәуелсіздік саябағында Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығы құрметіне көшеттер екті.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу