Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте жүзден аса науқас мүгедектігін анықтау сараптамасына жіберілмеген

Құқық
Шымкентте жүзден аса науқас мүгедектігін анықтау сараптамасына жіберілмеген

Шымкентте қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың құқықтары қалпына келтірілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Шымкент қаласы прокуратурасының мәліметінше, прокуратура медициналық ұйымдардың 103 науқастың мүгедектігін анықтау үшін оларды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жібермеу фактілерін анықтаған.

Қадағалау актісі бойынша 18 науқасқа мүгедектік белгіленіп, әлеуметтік көмек көрсету құқығы қалпына келтірілді. Қалғандарына қатысты медициналық диагностикалық шаралар жүргізіліп жатыр, деп жазылған прокуратура мәліметінде.

Заңбұзушылықтар үшін медициналық ұйымдардың 42 медицина қызметкері, оның ішінде 14 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Фото: freepik.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу