freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкенттік суретші сайлауды картинасына арқау етті

Қоғам
Шымкенттік суретші сайлауды картинасына арқау етті

Бүгін өтіп жатқан Құрылтай сайлауын шымкенттік кәсіби суретші Арман Омаров өз туындысына арқау етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қылқалам шебері ел өміріндегі маңызды саяси науқанның тынысын майлы бояу арқылы бейнелеп, кенепке түсірді.

Суретшінің картинасында дауыс беруге келе жатқан тұрғындар және олардың өз таңдауын жасап шыққан сәті мен сайлау учаскесіндегі қызу тіршілік көрініс тапқан. 

Қарапайым сәттерді өнер тілімен жеткізген туынды бірден көпшіліктің назарын өзіне аударды.

Кескіндемеде Әл-Фараби кітапханасында орналасқан №228 сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысы бейнеленген.

 «Сайлауға тек саяси науқан деп қарамауымыз керек. Бұл әр азаматтың өзінің ел болашағына деген сенімін нығайтатын маңызды сәт. Мен осы тарихи күннің мәнін сөзбен емес, бояумен жеткізуді жөн көрдім», - дейді суретші Арман Бекжанұлы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу