Астанада баланы көлік қағып кетті. Ол ауыр жақаттан қаза болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апаты Бейсекбаев пен Кенесары көшелерінің қиылысында болған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала көз жұмды. Бейсекбаев пен Кенесары көшелерінің қиылысында болған жол апаты салдарынан ауыр жарақаттар алған кәмелетке толмаған бала қайтыс болды, – деп мәлімдеді Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері жетті. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, баланың биологиялық өлімі тіркелді
Жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде, - дейді қалалық ПД.
Еске сала кетсек, ақпанда Қараөткел ауылында мектеп автобусы 2015 жылғы қызды қағып, сол жерде мерт қылған еді.
Фото: видеодан кадр