freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Талдықорғанда жолаушылар автобусы әйел адамды қағып кетті

Қоғам
Талдықорғанда жолаушылар автобусы әйел адамды қағып кетті
Ашық дереккөзден

Талдықорған қаласында жолаушылар автобусының қатысуымен адам өліміне әкеп соққан қайғылы жол апаты болды. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 15 мамыр күні болған көрінеді. Исмаил есімді жүргізуші тізгіндеген «Isuzu» маркалы жолаушылар автобусы Н.Назарбаев көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан зардап шегуші жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмды. Артында екі кішкентай баласы қалғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша құзырлы органдар іске кіріскен. Тәртіп сақшылары аталған жағдай бойынша бірқатар шара қабылданғанын хабарлады. Атап айтқанда, жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Қоғамдық көлік арнайы айып тұрағына жеткізілген. Сондай-ақ күдікті ретінде танылған автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

«Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етілмейді», - деп атап өтті мекеме өкілдері.

Марқұмның туыстары әлеуметтік желілер арқылы қала тұрғындарына үндеу тастады. Олар апаттың нақты қалай болғанын анықтау және тергеуге көмектесу үшін оқиғаға куә болған жандардан көмек сұрап отыр. Жақындары сол маңнан өткен көліктердің бейнетіркегіштеріне түсіп қалған бейнежазбалар немесе фотосуреттер болса, бөлісуді сұрайды. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу