Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тамыздың алғашқы күндері ауа райы қандай болады

Экология
Тамыздың алғашқы күндері ауа райы қандай болады

Алдағы күндері Қазақстан Республикасының аумағындағы ауа райын солтүстік антициклон айқындайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Елдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі, ал солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр болжанып отыр.

Синоптиктердің болжамынша, тек батыс өңірде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнгі және таңғы уақытта солтүстікте, шығыста тұман түседі.

«Ауа температурасы: Батыс өңірде күндіз +30…+37°С-тан +36…+41°С-қа дейін өте қатты ыстық күтіледі. 4 тамызда оңтүстікте ауа температурасы +40°С-қа дейін жетеді. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнгі ауа температурасы +5…+13°С, күндіз +15…+20°С-қа дейін төмендейді», – делінген синоптиктер болжамында.

Фото: istockphoto.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу