Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Танымал қазақстандық әнші АҚШ-тағы тікұшақ апатынан аман қалды

Шоу-бизнес
Танымал қазақстандық әнші АҚШ-тағы тікұшақ апатынан аман қалды

Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш АҚШ-тағы Нью-Йорк қаласында болған тікұшақ апатына қатысты өз парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әнші әлеуметтік желідегі жазбасында апат болған тікұшақтардың бірінде өзі де отырғанын айтып, оқырмандарын алаңдатты. Ол оқиғаға қатысты бейнежазбаны бөлісіп:

«Мен мінген вертолеттердің бірі құлады. Бір семья кетті. Жүрегім-ай» – деп жазды.

Балжан Бидаш Америкада жүрген кезінде тікұшақпен ұшқан сәтін де желіде жариялаған болатын. Осыдан кейін жанкүйерлері әншіге алаңдаушылық білдіріп, амандығын сұраған.

«Маған тоқтаусыз осы видеоларды оқырмандарым жіберіп жатыр. Амансыз ба деп жазып уайымдап жатқан жандарға рақмет. Құдай аяқ асты келетін апаттан сақтасын», – деді әнші.

Қазіргі уақытта Балжан Бидаштың жағдайы жақсы екені белгілі болды. Оқырмандары мен әріптестері оған қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жеткізуде.

Фото: instagram.com/bidash_official

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу