Таразда аялдамада қыз баланы ұрламақ болған ағайындыларға бұлтартпау шарасы таңдалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Олар оқиға болғаннан кейін дереу «ізін суытпай» ұсталған.
Тергеу сотының төрайымы Раушан Исмаилованың айтуынша, күдіктілерге 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Оларға кәмелетке толмаған баланы ұрлауға оқталу бабы бойынша айып тағылды (ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі және 125-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы). Аталған баптар бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Еске салсақ, Таразда ер адамдар 13 жастағы қызды көлікке күштеп отырғызып, алып кетуге әрекеттенген.