Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тәрбиеші төрт жасар баланы тұншықтырған

Оқиға
Тәрбиеші төрт жасар баланы тұншықтырған

Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы тұншықтырып, ұрып-соққан. Аталған жағдай мекеменің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнежазбасы тарады. 

Кадрлардан тәрбиешінің баланы орындыққа күштеп отырғызып, тұншықтырғанын байқауға болады. Бала сол сәтте бөлмеде отырған екі тәрбиешіден көмек сұрайды. Алайда олар мән бермей отыра береді. 

Бала ата-анасына жағдайды өзі жеткізген. Сосын ата-ана бейнебақылау камерасын ашып қараған. Нәтижесінде полицияға арыз жазған.

Алматы қаласы Полиция депаратменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», - деп хабарлады полициядан.

Фото: egemen.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу