Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тарихта қан төккен президент ретінде қалғым келмейді

Саясат
Тарихта қан төккен президент ретінде қалғым келмейді

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Қырғызстан президентінің сайты жазды.

"(...) Мен билікті ұстамаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарын атқан, қан төккен президент ретінде қалғым келмейді.

Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым.

Жапаров пен басқа да саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан шығарып, Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтаруға шақырамын. (...) ", - делінген Жээнбековтің үндеуінде.

Еске салайық, 5 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауының қорытындысымен келіспеген азаматтар жаппай наразылық білдірген еді. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі және парламент отыратын Ақ үйге басып кірген болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу