Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тәуекел Мүсілім үшінші баласы дүниеге келетінін айтты

Шоу-бизнес
Тәуекел Мүсілім үшінші баласы дүниеге келетінін айтты

Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілім жақында үшінші баласы дүниеге келетінін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Динара Сәтжанның «Late night show» жобасында Тәуекел мен оның жары Махаббат Мүсілімдер қонақ болды. Бағдарлама барысында Тәуекел Мүсілім қуанышты жаңалығын бөлісіп, үшінші сәбиін күтіп жүргендерін мәлім етті.

Ерлі-зайыпты әзірге сәбидің жынысын білмейтінін, дегенмен қыз болғанын қалайтынын алға тартты.

Бала деген некені берік қылады екен. Үшінші сәбиімізді күтіп жүрміз, бұл туралы ешкімге айтқан жоқ едік. Бастапқыда бір-бірімізге жиі сын тағып жүретінбіз. Оның үстіне Махаббат – солтүстіктен, ал мен оңтүстіктің тумасымын. Қауіпті бұрылыстардан берге өттік. Бірақ сөйлесу керектігін, бірлесіп шешу керектігін білдім. Бес жыл өтті, қазір әлдеқайда жеңіл, - деді Тәуекел.

Фото:instagram.com/mussilim

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу