Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Топырағы торқа болсын": Мақпал Жүнісова марқұм Асанәлі Әшімовтің қырық күндік асында жүрекжарды сөзін айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"Топырағы торқа болсын": Мақпал Жүнісова марқұм Асанәлі Әшімовтің қырық күндік асында жүрекжарды сөзін айтты (ВИДЕО)
Arasha.kz коллажы

Қазақ эстрадасының белгілі өкілі Мақпал Жүнісова марқұм Асанәлі Әшімовтің қырық күндік асына қатысып, жүрекжарды естелік сөзін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ас барысында Мақпал Жүнісова марқұмның жары Бағдат Әшімоваға арнайы қайырылып, қайғыдан кейін бұл шаңыраққа енді тек амандық тілейтінін жеткізді.

"Енді бұл отбасыда қайғы болмасын. Асанәлі ағамыздың кім екенін бүкіл қазақ біледі. Енді оның шын өмірі басталды. Біз ағамызды ешқашан ұмытпаймыз. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын", – деді әнші.

Айта кетейік, Асанәлі Әшімов 2025 жылдың 21 желтоқсанында 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ол – Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ театр және кино өнерінің көрнекті тұлғасы, режиссер әрі профессор.

Өнер майталманы 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жайылма ауылында дүниеге келген. 1956-1961 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Шығармашылық жолын "Қазақфильм" киностудиясында бастаған ол 1963 жылдан бастап Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында актер әрі режиссер ретінде ұзақ жылдар қызмет етті. Асанәлі Әшімов қазақ кино өнерін әлемге танытқан бірегей актерлердің санатында.

Марапаттары мен атақтары

Өнердегі өлшеусіз еңбегі үшін Асанәлі Әшімов көптеген жоғары марапаттарға ие болды. Соның ішінде:

  • 1973 жыл – "Атаманның ақыры" фильміндегі рөлі үшін К.Байсейітова атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы
  • 1974 жыл – театр өнеріндегі еңбегі үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы
  • 1978 жыл – Қазақ КСР халық әртісі
  • 1980 жыл – КСРО халық әртісі
  • 2000 жыл – "Тарлан" тәуелсіз сыйлығы
  • 2001 жыл – "Отан" ордені
  • 2002 жыл – Жамбыл облысының құрметті азаматы
  • 2003 жыл – "Қазақы оқиға" фильміндегі рөлі үшін "Шәкен жұлдыздары" кинофестивалінің лауреаты
  • 2007 жыл – "Құрмет" ордені
  • 2007 жыл – әлемдік кино өнеріне қосқан үлесі үшін ЮНЕСКО Халықаралық академиясының "Алтын қыран" ордені

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу