Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Елтаңбаны өзгертуді ұсынды

Саясат
Тоқаев Елтаңбаны өзгертуді ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан  Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында Қазақстан Елтаңбасын өзгертуді ұсынды.

«Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек», - деді Президент.

Сондай-ақ, бұл мәселе қоғамдық талқылауға шығарылатынын айтты.

 «Бұл мәселені комиссия жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізеді.  Сосын Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады», - деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу