freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев: Ер адамдардың бір-бірін сүйіп амандасуы біздің дәстүрімізде болмаған

Саясат
Тоқаев: Ер адамдардың бір-бірін сүйіп амандасуы біздің дәстүрімізде болмаған
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың жаңа мінез-құлық мәдениеті мен қоғамдық этиканы қалыптастыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Казахстанская правда» газетінің тілшісі Юлия Магер Мемлекет басшысына қазақстандық қоғамда өзара құрмет, заң мен тәртіпті сақтау, өзін-өзі тәртіпке келтіру және жауапкершілік нормалары қалыптасып келе жатқаны туралы сұрақ қойды.

Президент бұл бағыттағы жұмыстың бастамашысы өзі болғанын атап өтті. Оның айтуынша, қоғамда ұлттық дәстүрлерге сай әдеп пен ұстамдылықты қайта жаңғырту маңызды.

«Біз бәрібір төл дәстүрлерімізді еске алуымыз керек. Ер адамдар бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы, әйелдердің ерлерді сүюі – біздің дәстүрімізде болмаған», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ер азаматтардың бір-бірімен қол алысып амандасуі немесе оң қолын жүрек тұсына қоюы ұлттық әдепке сай екенін айтты.

Сонымен қатар Президент тазалық пен тәртіп мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән берді.

Оның сөзінше, бұл тек қоршаған ортаның тазалығын сақтаумен шектелмей, адамның ойы мен жан дүниесінің тазалығын да қамтуы керек.

«Біз шын мәнінде мәдениетті, кең мағынада таза ұлт болуымыз керек. Сонда ғана бүкіл әлемге танымал боламыз», – деді Мемлекет басшысы.

Президент өңірлерде тазалық пен абаттандыру мәселесіне қойылатын талаптар күшейтілгенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс ел көлемінде жалғаса береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу