Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Саясат
Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, бауырлас халықтарға бақ-береке тіледі.

Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, оның Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың деңгейіне толық сай келетінін жеткізді.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін растады.

Сондай-ақ, алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін талқылады.

Фото: Ақорда 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу