Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

Саясат
Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Президенттерге қаржы орталығының құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді.

- Қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция - 14,4 мллрд доллар:

- 7,1 миллиарды – Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар;

- 7,3 миллиарды – АХҚО қатысушыларының инвестициялары.

- Қаржы орталығында әлемнің 80-нен астам елінен 3700-ге жуық компания тіркелген.
Мемлекеттер басшыларына прецеденттік құқық нормалары мен қағидаттарына негізделген Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі – АХҚО Сотының, сондай-ақ Халықаралық төрелік орталығының жұмысы жөнінде баяндалды.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу