Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Қоғам
Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Жарқын жаз өскелең ұрпаққа қамқорлықтың символына айналған осы мерекеден басталады. Ұл-қыздарымыздың парасатты және жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтардың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау әрдайым мемлекеттің басты басымдығы саналады. Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан еліміздегі әрбір жеткіншектің мейірім мен қамқорлыққа бөленіп, үлкеннің қолдауын сезінуі, ертеңгі күнге сеніммен қарауы өте маңызды, деген президент құттықтауында.

Мемлекет басшысы жас ұрпақтың Әділетті Қазақстанның негізгі қағидаттарын нақты жүзеге асырып, «Адал азамат» тұжырымдамасының озық идеалдарына толық сай болатынына сенім артқан. Ол үшін бүкіл қоғам болып жалпыұлттық құндылықтарымызды ұрпақтың бойына сіңіру және оларды еңбекқорлық пен білімпаздыққа баулу керек екенін айтқан. Сондай-ақ, төл тарихымыз бен мәдениетімізді құрметтеуге үйрету қажеттілігіне үндеген.

Фото: Aqorda

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу