freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Жапония Премьер-министрін құттықтады

Саясат
Тоқаев Жапония Премьер-министрін құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиді құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Санаэ Такаичиді Жапониядағы Парламент сайлауында Либералды-демократиялық партияның жеңіске жетуіне орай құттықтап, жеделхат жолдады.

Бұл елеулі жетістік – Сіздің парасатты саясатыңыз бен Өзіңіз басқарып отырған партияның маңызды жоспарларына барша отандасыңыз көрсеткен сенімнің айқын дәлелі екені сөзсіз. Халқыңыздың жарқын болашағы үшін сіңіріп жатқан қажырлы еңбегіңіз, қолға алған тың бастамаларыңыз еліңізді бүгіннен де биік табыстарға жетелей беретініне кәміл сенемін, – делінген жеделхатта.

Президент былтыр Жапонияға жасаған ресми сапарын ыстық ықыласпен атап өтіп, өзара уағдаластықтар екіжақты ынтымақтастықты сапалы деңгейге көтергенін жеткізген.

Сондай-ақ қазақ-жапон қарым-қатынастарының жоғары қарқынын сақтап, оны ұдайы дамыту үшін Санаэ Такаичимен бірге күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін растаған.

Еске салсақ, бұған дейін Жапониядағы парламент сайлауында билік партиясы жеңіске жеткен еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу