freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаевтың тапсырмасымен Маулен Әшімбаев Иран елшілігіне барды

Саясат
Тоқаевтың тапсырмасымен Маулен Әшімбаев Иран елшілігіне барды
Фото: Сенат

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Парламент Сенатының төрағасы Маулен Әшімбаев Қазақстандағы Иран елшілігіне барды, деп хабарлайды Malim.kz.

Маулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Иран халқына, сондай-ақ қайғылы оқиғалар салдарынан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Али Акбар Джоукармен – Иранның Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесуде Қазақстан тарапы Иранда болған қайғылы оқиға туралы хабарды үлкен күйзеліспен қабылдағаны айтылды.

Аталған трагедия салдарынан Иранның Жоғарғы рухани көшбасшысы аятолла Сейед Али Хаменеи, ел басшылығының өкілдері және бейбіт тұрғындар, оның ішінде балалар қаза тапқаны атап өтілді.

Маулен Әшімбаев Мемлекет басшысы халықаралық қақтығыстарды халықаралық құқық нормалары мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын қатаң сақтай отырып, тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді үнемі қолдайтынын жеткізді.

Сенат спикері Иран Қазақстанның жақын көршісі әрі серіктесі екенін атап өтіп, еліміздің қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге дайын екенін растады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу