АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Иран алдағы екі апта ішінде келісімге келуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
— Қазір біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Олар (Иран — ред.) өте жақсы мәміле жасағысы келеді және бізге қажетті нәрсенің бәріне келісуге дайын. Олар ядролық қарудан бас тартуға әзір, — деді америкалық көшбасшы.
Трамптың айтуынша, АҚШ келіссөздерде басымдыққа ие болып отыр, бірақ түпкілікті нәтижеге алдағы екі апта ішінде қол жеткізу қажет.
— Бұл толық жеңіс болады және ол өте жақын уақытта жүзеге асады. Сол кезде мұнай бағасы да бірден төмендейді, — деді ол.
Бұған дейін Трамп бірнеше рет АҚШ пен Иран арасындағы қақтығысты реттеу жөніндегі келісімге қол жеткізуге тараптардың жақын қалғанын мәлімдеген болатын.