Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп Гренландияны бақылауына алу жоспарынан бас тартпайтынын байқатты

Әлем
Трамп Гренландияны бақылауына алу жоспарынан бас тартпайтынын байқатты
Anadolu Ajansı

Данияның қарсылығына қарамастан, Америка Құрама Штаттары Гренландияны өз иелігіне алуға әлі де ниетті. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.

 «Өздеріңіз білетіндей, біздің Даниямен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Уақытында көре жатармыз. Бірақ білесіздер, біз «Алтын күмбез» деп аталатын зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін құрып жатырмыз. Біз біраз жұмыс атқарып жатырмыз және бұл бізге шынымен де қажет», деді ол Ақ үйде журналистермен болған әңгіме барысында.

Сондай-ақ ол алып аралға АҚШ бармаса, бәрібір өзге елдердің аяқ басатынын айтты.

«Егер біз ол жерге бармасақ, онда ол жерде Ресей мен Қытай болады», деп мәлімдеді америкалық көшбасшы Гренландия туралы әңгімесінде. «Дания бұған қатысты ештеңе істей алмайды, ал біз бәрін жасай аламыз».

Ол бұл мәселені НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен талқылап қойғанын да қоса кетті.

«Бұл ұлттық қауіпсіздік үшін, соның ішінде Еуропаның қауіпсіздігі үшін де қажет», деп ойын түйіндеді Трамп. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу