freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп: Иранмен келіссөздер жақсы жүріп жатыр

Әлем
Трамп: Иранмен келіссөздер жақсы жүріп жатыр
Фото: Issa Iraisi/Xinhua/picture alliancе

АҚШ пен Иран ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерді жалғастырады, ал әзірге үдеріс «өте жақсы» жүріп жатыр. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

АҚШ пен Иран арасындағы Оманның делдалдығымен өтіп жатқан жанама келіссөздер демалыс күндерінен кейін де жалғасады, ал олардың алғашқы раунды «өте жақсы» өткен. Мұндай мәлімдемені жұма күні кешке, 6 ақпанда Дональд Трамп журналистермен президенттік Air Force One ұшағында сөйлесу барысында жасады.

«Біз Иран бойынша өте жақсы келіссөздер өткіздік. Иран, шамасы, келісімге қол жеткізуге өте қатты мүдделі. Бұл қандай келісім болатынын көре жатармыз», – деді Трамп.

Бұдан кейін АҚШ президенті Таяу Шығысқа қарай америкалық кемелерден құралған «үлкен армада» бет алып бара жатқанын еске салды.

Келісімге қол жеткізудің шамамен қандай мерзімі күтілетіні туралы журналистің сұрағына жауап берген Трамп АҚШ-та «уақыт жеткілікті» екенін айтып, мысал ретінде Венесуэланы келтірді. Оның айтуынша, бұл ел бірнеше апта бойы америкалық блокадада болған, содан кейін АҚШ әскері елдің басшысы Николас Мадуроны ұстап, елден алып кеткен.

«Біз біраз уақыт күттік, – деді Трамп осы орайда. – Асығар ешқайда жоқ».

Сонымен қатар Трамп Иранның сауда серіктестеріне қарсы жазалаушы кедендік баж салығын енгіземін деп қорқытты. Президент қол қойған жарлыққа сәйкес, Ираннан тауар немесе қызмет сатып алатын елдерден АҚШ-қа импортталатын өнімдерге баж салығы салынуы мүмкін. Ақ үй басшысы нақты елдерді атамады, алайда мысал ретінде 25 пайыздық баж мөлшерін келтірді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу