freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Әлем
Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
nbcnews.com

Вашингтон сотында АҚШ президенті Дональд Трампқа қастандық жасамақ болды деп айыпталған 31 жастағы Коул Томас Алленге қатысты алғашқы тыңдау өтті. Кінәсі дәлелденсе, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. 

«Ол Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трампты өлтіруге әрекеттенді», - деп мәлімдеді сотта Федералды прокурор Джоселин Баллантайн.

Reuters хабарлағандай, Алленге қазіргі АҚШ президентінің өміріне қастандық жасау, штатаралық шекара арқылы қаруды заңсыз тасымалдау, қару пайдалану деген айыптар тағылып отыр.

Күдікті сотта өзінің компьютерлік ғылымдар магистрі дәрежесі бар екенін айтты. Оның бұрын соттылығы болмаған. Судья Мэтью Шарбо күдіктіні бейсенбіге дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарды.

Тергеу мәліметінше, Калифорния тұрғыны Аллен сәуір айының басында Вашингтондағы Hilton қонақ үйінен бөлме брондап, оқиға орнына пойызбен келген. Полицейлер 12-калибрлі мылтық, жартылай автоматты пистолет және үш пышақты тәркілеген.  Шабуыл алдында ол туыстарына электронды хат жолдап, өзін «федералды өлтіруші» деп атаған және Трампты «сатқын» деп айыптаған.

Еске салсақ, өткен сенбіде Ақ үйдегі жиын кезінде атыс болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу