Қоғам қайраткері Сәбетқазы Ақатай
1990 жылдары сол кездегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа: «Бір ісің үшін жолыңда өлгім келеді, бір ісің үшін қолыңда өлгім келеді» деген сөзді айтқаны туралы замандастары жиі еске алады.
Сәбетқазы Ақатай (1938–2003) – 11 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туған. Философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
Ол өз өмірінде көптеген игілікті істердіңғ маңыздың шаралардың басында жүрді. Тәуелсіздік алмай тұрып «Азат» қозғалысын құрып, КСРО басшысы Горбачев пен Қазақстан коммунистік партиясының төрағасы Назарбаевқа хат жазып, Алаштықтарды ақтауды, оларға тиісті мүлік пен шығармаларын елге беруді талап еткен тұлғалардың бірі.
1969 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1974 жылға дейін Алматы шет тілдер институтында ұстаздық қызметте болды.
1988 жылы Ықылас атындағы Ұлтаспаптар мұражайының директоры қызметінде жүріп қоғамның мәдени-саяси өміріне белсене араласты.
1970 жылдардың басында Мәскеуде «Жас тұлпар» атты қазақ жастар ұйымының құрамында студенттер кеңесін басқарды. «Азат» қозғалысының алғашқы тең төрағаларының бірі болған. «Тереңнен тартқан тамырлар», «Күн мен көлеңке», «Інжумаржан», «Древние культы и традиционная культура казахского народа», «Қазақ халқының синкреттік дүниетанымы», т.б. көптеген ғылыми еңбектер, публицистикалық мақалалар жазған.
«Азат» қозғалысы тәуелсіздік алардан бұрын елдегі саяси режимнің демократиялық жолға түсуін талап еткен бастамашыл ұйым болды. 1990 жылы әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың Қазақстанды бөлшектеу идеяларына, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуына, деколонизация үрдісінің тез жүруіне, қала көшелері мен жер аттарының қазақтануына зор ықпал етті. Алаңдарда бейбіт шеру өткізіп, аштық жариялап, көшелерді жауып, өз үндерін ашық айта бастады. Тәуелсіздік алған соң да Назарбаев режимінің авторитарлы бағытқа бұрылмауын талап етті. Кейін қозғалысты бөлшектеп, ықпалын әлсіретуге Назарбаев басқарған билік түрлі айла-шарғы жасады. Қазір бұл ұйымның аты бар, заты жоқ бірлестікке айналған. Анда-санда бой көрсетіп, кейбір партиялар мен өзге қозғалыстардың жиындарында аталып қалады.
1990 жылдары сол кездегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа: «Бір ісің үшін жолыңда өлгім келеді, бір ісің үшін қолыңда өлгім келеді» деген сөзді айтқаны туралы замандастары жиі еске алады.