Халық қаһарманы Қасым Қайсенов

Malim Админ

  • 24.09.2024

Халық қаһарманы, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, жазушы, еліміздің біртуар перзенті, Халықаралық Фадеев сыйлығының иегері, көзі тірісінде аңызға айналған Қасым Қайсенов 1918 жылы сәуір айының 23 күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асу-бұлақ аулында туған. 2006 жылы Алматыда қайтыс болды.

Туған ауылында жетіжылдық мектепті бітіргеннен соң Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, оны 1938 жылы бітіріп шығады. Алғыр жас түлек оқуды бітіре салысымен сол жылы техникум маңынан ашылған cаяси ағарту курсына басшылық етуге тағайындалады. 1938-39 жылдары Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспекторлық қызмет атқарады. Ал 1939 жылы әскери-барлаушылар  мектебіне қабылданып, ол оқу орнын 1941 жылдың күзінде бітіреді. Бұл уақытта Германия Кеңес одағының батыстағы көп жерлерін жаулап алып қойған болатын.

1941 жылдың караша айында ол Оңтүстік-батыс майданы  штабының қарамағына жіберіліп, штабтың арнайы тапсырмасымен жау жайлаған Украина жеріне парашютпен түсіріледі. 1941-1942 жылдары Киев, Полтав облыстарында коммунистердің астыртын ұйым жұмыстарына белсене араласып, Чапаев атындағы партизан құрамасын ұйымдастырысып, кейіннен сол партизан құрамасының үшінші партизан отрядына басшылық етеді.

1943 жылдың қыркүйек айының 21 күні Чапаев атындағы партизан құрамасы Совет Армиясымен қосылғаннан кейін ол тағы да жау тылына жіберіліп, төрт рет арнайы тапсырмамен Украина, Молдавия, Румыния, Чехословакия жерлерінде партизан отрядтарын басқарады. 1944 жылдың қараша айының екінші жартысында Карпат тауында партизан отрядтары 44-Украин майданы әскери бөлімдерімен қосылған соң, осы майдан әскері құрамында соғыстың соңына дейін жаумен шайқасып, 1945 жылдың басында туған еліне оралады.

1945-1946 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы  аппаратында референт қызметінде болады,  1946-1949 жылдары Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында аудандық атқару комитеттері председательдерінің орынбасары, 1949-1950 жылдар аралығында ҚазССР жеңіл өнеркәсіп Министірлігінде кадр бөлімінде аға инспекторы қызметтерін атқарады.
1951-1953 жылдары  Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті жанындағы партиялық мектептің аудармашылар даярлайтын бөліміне оқуға жіберіледі.

Оны 1953 жылы бітірген соң ұзақ уақыт «Қазақ елі», «Жазушы», «Қайнар» баспаларында редактор, баспа директорларының  орынбасарлары болып және Қазақстан Жазушылар одағында жауапты қызметтер атқарады.

Қ. Қайсенов 1957 жылы Қазақстан Жазушылар одағына мүше болды. Ол «Богдан Хмельницкий» қолбасшылық орденімен, «Чехославакия партизаны», II, III-дәрежелі «За заслуги» және 2 рет I дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, шетелдердің және Совет Одағының медальдарымен, сонымен қатар Қазақ ССР-нің, Украин ССР-ның «Құрмет грамоталарымен» марапатталған.

1995 жылы 24 сәуірде оған «Халық қаһарманы» атағы және армия полковнигі деген шен берілді. 2003 жылы Халықаралық  А.Фадеев атындағы сыйлықтың, Жазушылар одағының Б. Момышұлы атындағы әдеби сыйлығының иегері болды.

Өскемен қаласы, Ұлан ауданы және Арқалық қаласының құрметті азаматы. Республикамызда оның атында орта, орталау мектептер, елді мекендерде көшелер бар.

Байланысты жаналықтар

Том-том жарысты кім тияр?

21.10.2024

Мұхтар Мағауин көп әйел алуға қатысты ойын айтты

17.09.2024

Сәт Тоқпақбаевқа Халық қаһарманы атағы берілді

10.09.2024

Жыр құлагері – Ілияс Жансүгіров

09.09.2024

Әбу Сәрсенбаев өлеңдері

24.08.2024

Бердібек Соқпақбаев – 100 жыл

27.07.2024
MalimBlocks
Том-том жарысты кім тияр?

Ептілер жазушы еңбегін әділ бағалаудан гөрі ебін тауып екі асағаннан аса алмай келеді

Мұхтар Мағауин көп әйел алуға қатысты ойын айтты

Еуропада әйелге әйел, еркеке еркек үйленіп жатыр

Сәт Тоқпақбаевқа Халық қаһарманы атағы берілді

Жыр құлагері – Ілияс Жансүгіров

Ілияс Жансүгіров (1894-1838) – ақын, драмашы, прозашы. Қазақ жазба поэзиясын қалыптастырушылардың бірі. 1894 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында дүниеге келген. Биыл ақынның туғанына 130 жыл толды.

Әбу Сәрсенбаев өлеңдері

Әбу Сәрсенбаев 1905 жылы 15 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ботақан ауылында дүниеге келген. 1995 жылы 25 қарашада Алматы қаласында қайтыс болды. Ақын, жазушы, драматург. Қазақстанның Халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері. Ұлы отан соғысының ардагері. Көптеген жыр жинақтарының авторы.

Бердібек Соқпақбаев – 100 жыл

Биыл ақын, жазушы, журналист Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы