Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан облысында бес немеренің әжесі үшем туды

Қоғам
Түркістан облысында бес немеренің әжесі үшем туды

Түркістан облысында 43 жастағы Орынкүл Нұрабаева үшем дүниеге әкелді. Бұған дейін ол сегіз баланың анасы болған, - деп хабарлайды OTYRAR.KZ басылымы. 

Дәрігерлердің айтуынша, босану жоспарлы түрде, кесарь тілігі арқылы өткен. Жаңа туған Аслан, Әлихан және Әлінұрдың, сондай-ақ, ананың жағдайы тұрақты. Барлығы үйіне жіберілді.

Әйел Шардара ауданына қарасты Жаушықұм ауылында тұрады.


"Әрине, оңай болған жоқ, әсіресе менің жасымда. Бірақ сәбилерімді көрген сәтте барлық қорқынышым кетті. Ең бастысы - бәрі аман-есен", -


деді Орынкүл Нурабаева.

Осылайша көпбалалы отбасында енді 11 бала бар. Үлкен қызының жасы – 26-да, ал кішісі – төртте. Бұдан бөлек, Орынкүл Нұрабаеваның бес немересі бар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу