freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан облысында нөсерден кейін аулаларды су басты

Оқиға
Түркістан облысында нөсерден кейін аулаларды су басты
Фото: gov.kz

Түркістан облысында жауын-шашыннан кейін ауылдағы аулаларды су басқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, Төлеби және Қазығұрт аудандарының кей аумақтарында орын алған нөсер жауын-шашын салдарынан бірнеше тұрғын үйдің ауласына жаңбыр суы жиналып, тұрғындар үшін уақытша қолайсыздық туындады. Қазіргі таңда жауын-шашын тоқтап, жағдай тұрақтанды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, Төлеби ауданында 3 тұрғын үйдің ауласы мен 1 жеке тұрғын үйге, ал Қазығұрт ауданындағы Қ.Мәмбетұлы және Жіңішке ауылдарында бірқатар үйдің ауласына жаңбыр суы кірген. Тұрғын үйлер зардап шеккен жоқ.

Аталған аумақтарда суды бұру және су тасқынының алдын алу бағытында жедел шаралар қолға алынды. Жұмыстарға 100-ден астам адам, 20-ға жуық техника және 14 мотопомпа жұмылдырылған. Арнайы жұмысшы топ жұмыс атқаруда. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Қазығұрт ауданына барып, ахуалды бақылады. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді. Аталған елді мекендерде кешенді жұмыстар ұйымдастырылып, тиісті қызметтер толық жұмылдырылған. Аймақтағы су нысандары мен өзен-көлдердің жағдайы тұрақты бақылауда, - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу