Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан облысында тауда 5 қыз адасып кеткен

Оқиға
Түркістан облысында тауда 5 қыз адасып кеткен

Бүгін Түркістан облысы ТЖД-нің 112 пультіне Төлеби ауданындағы "Сайрамсу" шыңынан түскен кезде бес бойжеткеннің адасып кеткені туралы ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды Malim.kz.
ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар 60 шақырым қашықтықты жүріп өтіп, Қасқасу ауылынан 8 шақырым қашықтықта адасқан қыздарды тауып алып, оларды таудан Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағына аман-есен түсірді.

"Медициналық көмекті қажет етпеген туристер құтқарушыларға алғыс білдірді. ТЖМ тауға шыққан кезде маршрутыңызды зерттеп, жақындарыңызға хабарлап, ауа-райы болжамын тексеріп, байланыс құралдарын өзіңізбен бірге алудың қажеттігін еске салады", делінген хабарламада.

Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу