Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

12 млн теңге пара алмақ болған жалған ҰҚК қызметкері ұсталды

Қоғам
12 млн теңге пара алмақ болған жалған ҰҚК қызметкері ұсталды

Түркістан облысында тексеру шараларын тоқтатуға уәде берген азамат 6 млн теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол өзін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырған.

Қаржылық мониторинг агенттігі Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен және өңірдің ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізген ұстау іс-шарасы барысында күдікті қолға түсті. 

Ол Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен ҰҚКД тарапынан тексеру іс-шараларын тоқтату сылтауымен пара беруге итермелеген. Келісілген ақшалай сыйақы сомасы 12 млн теңгені құраған. Оның жартысын алған кезде күдіктінің қолына кісен салынды.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі, – делінген ҚР ҚМА Баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Фото: pixabay

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу