Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістанда үш оқушыны зорлаған ер адам 25 жылға сотталды

Қоғам •
Түркістанда үш оқушыны зорлаған ер адам 25 жылға сотталды

Сот оған қатысты химиялық кастрациялау шарасын тағайындады, деп хабарлайды Malim.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жаға ұстатарлық жайт осыдан екі жыл бұрын Отырар ауданы, Арыс ауылында болған. Сотталушы ағасының жасөспірім қызымен бірге ойнауға келген құрбыларына қатысты бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық және зорлау әрекеттерін жасаған.

Сотталушы бұл іс әрекетті 2022 жылдың жазында бастаған көрінеді. Аталмыш оқиғаның қалай болғанын жеткіншектердің өздері айтып берген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігімен, 121-бабы 4-бөлігімін кінәлі деп танылып, оған түпкілікті педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу жазасы тағайындалған, – дейді Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Жоғарыда атап өткеніміздей педофилге химиялық кастрациялау түрінде және сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділігіне қатысты мәжбүрлеп емдеу шарасы қоса тағайындалған. Айта кетейік, сот үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу