Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді

Әлем
Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді

Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі haberler.com-ға сілтеме жасап. 

13 мамырда таңертең Түркияның Ыстамбұл қаласына қарасты Бүйүкчекмедже аймағының жағалауында 3,8 магнитудалық жер сілкінісі тіркелген. 

Түрік сейсмологтарының айтуынша, жер сілкінісінің эпицентрі Мәрмәр теңізінде орналасқан. Жерасты дүмпуінің ошағы 6,84 шақырым тереңдікте болған.

Айта кетейік, бүгін түнгі 02:30 шамасында Түркияның Эгей теңізі аймағында 4,9 магнитудалық жер сілкінісі болды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Одан соң таңғы 07:49-да Антальяда 3,8 магнитудалық үшінші жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Кумлуджа маңында орналасқан. 

Елдің төтенше жағдайлар қызметі мен сейсмологиялық институттары оқиғаны бақылауда ұстап отырғанын айтты. 

Фото: Liter.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу