Алматы күніне орай кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов тосын мәлімдеме жасап, спорт жанкүйерлерін елең еткізді, деп хабарлайды Malim.kz.
Әлеуметтік желідегі үндеуінде ол 10 күннен кейін өтетін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойынды атап өтіп, жеңіс жағдайында команда ойыншыларына ерекше сыйлық дайындағанын жеткізді.
«Егер «Қайрат» жеңіске жетсе, алаңға шыққан әр футболшыға автокөлік сыйлаймын», – деді кәсіпкер.
Фото: видеодан скрин