Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ұялып та тұрған жоқ": Арман Дүйсеновтің әйелі бар шындығын жайып салды (ВИДЕО)

Қоғам
"Ұялып та тұрған жоқ": Арман Дүйсеновтің әйелі бар шындығын жайып салды (ВИДЕО)
ozgeris.info

Белгілі композитор Арман Дүйсенов пен оның ұлы Абылайдың жұмбақ өліміне байланысты жаңа мәліметтер жария болды. Марқұмның жұбайы алғаш рет болған жағдайдың мән-жайын айтып, шындықты ашты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында ол пәтер дауы мен материалдық даудың композитор отбасына ауыр соққы болғанын жеткізді.

«Пәтердің нақты бағасы — 140 миллион теңге. Ал Мұқаш Санжар “65 миллион теңге бердім” деп отыр. Сонда неге бүтін пәтерді өз атына аудармақ? “Маған ақша табу керек” деді. Міне, осылай ашық айтты, еш қысылмады», — дейді марқұмның жары.

Оның айтуынша, Абылайдың қырқына да толмай жатып, әлгі адам пәтерді босатуды талап еткен.

«Абылайдың қырық күні өтпей жатып, телефоны әлі ашылмаған еді. Сонда да достары арқылы хабар жіберіпті: “40 күн өтсін, сосын пәтерді босатсын” деп. Сол кезде мен Санжарды үйге шақырып, сөйлестім. “Пәтерді босат деп тұрсың ба?” десем, “Иә, босатыңыз” деді. Ол маған: “Хотел заработать” — яғни ақша табуым керек деді. Еш ұялған жоқ», — деді ол сұхбатта.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу