Астана, malim.kz - Ақтауда құны $300 млн болатын жаңа теңіз айлағын салу жоспарланып отыр. Бастама Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және транзиттік әлеуетті күшейту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге аспақ.
Бұл туралы Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, стратегиялық серіктес ретінде қытайлық «Чжонъюн Интернешнл» компаниялар тобы таңдалған. Инвестор компания өңірде ресми түрде тіркеліп үлгерген, ал қазір инвестициялық келісімге қол қоюға қажетті құжаттарды дайындау жүріп жатыр.
— «Жоба "Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа" бағытында жаңа халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оның жүзеге асуы жүк жеткізу уақытын 7–15 күнге қысқартып, көлік шығындарын 18–25% төмендетеді және жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасайды», —
деді Нұрдәулет Қилыбай.