Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украинада тағы да қорғаныс министрі ауысты

Әлем
Украинада тағы да қорғаныс министрі ауысты
Фото: Denys Shmyhal/Facebook

Украина Жоғарғы Радасы бірінші вице-премьер, цифрлық трансформация министрі Михаил Федоровты елдің жаңа қорғаныс министрі қызметіне тағайындауды қолдады. Бұл туралы украиналық БАҚ ақпарат таратты, деп хабарлайды Malim.kz.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Федоровтың кандидатурасын 277 депутат қолдаған. Осыған дейін қорғаныс министрі қызметін Денис Шмыгаль атқарған.

Жаңа қызметіне кіріскен Михаил Федоров Қорғаныс министрлігіндегі қаржылық ахуалды толық аудиттен өткізуді басты міндет ретінде атады.

«Менің бірінші тапсырмам – Қорғаныс министрлігіндегі қаржыға нақты аудит жүргізу. Біздің мақсатымыз – жүйені өзгерту: армияны реформалау, алдыңғы шептегі инфрақұрылымды жақсарту, жалғандық пен жемқорлықты жою, көшбасшылық пен сенімді жаңа мәдениетке айналдыру», – деді ол.

Айта кетейік, Украина президенті Владимир Зеленский жыл басында Үкімет пен күштік құрылымдарда ауқымды кадрлық өзгерістер басталғанын мәлімдеген. Мемлекет басшысының айтуынша, Үкімет пен қауіпсіздік саласындағы кадрлық жаңару қаңтар айының соңына дейін жалғасады, одан кейін Қарулы күштердегі өзгерістерге кезек беріледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу