Астанада жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Кезекті отырыста қайғылы жағдай болған үйдің тұрғыны куәлік берді, деп хабарлайды Malim.kz, massaget.kz-ке сілтеме қалдырып.
Куәгердің айтуынша, сараптама қорытындысында ғимаратқа апаттылықтың төртінші дәрежесі берілген. Тексеру барысында үйдің кірпіш қалауында бірқатар ақау анықталған.
Атап айтқанда, құрылыс кезінде арматуралық тор, қажетті бекіткіштер мен арнайы ерітінді қолданылмағаны айтылды. Қасбет қаптамасы құлағаннан кейін ғимарат қабырғаларында жарықтар пайда болған.
Сондай-ақ куәгер тұрғындардың үйді өз қаражатына толық қалпына келтіруге мүмкіндігі жоқ екенін жеткізді.
Қазіргі уақытта іс Қылмыстық кодекстің «Міндеттерге адал қарамау» бабы бойынша қаралып жатыр. Айыпталушылар қатарында үйдің МИБ төрағасы бар.