freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сотта ТЖД өкілі жауап берді

Оқиға
Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сотта ТЖД өкілі жауап берді
скриншот

Астанада жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті отырыста Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті кезекші бөлімінің бастығы Ризабек Дайыров куәлік берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол ғимараттың қасбеті құлаған кезде құтқарушылардың қалай әрекет еткенін және жедел қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібін түсіндірді.

Куәгердің айтуынша, ТЖД-ға оқиға туралы хабарды жедел жәрдем қызметкерлері берген. Осыдан кейін оқиға орнына өрт сөндірушілер, жедел-құтқару жасағы және автокөтергіш жіберілген.

Ризабек Дайыров жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына құтқарушылардан бұрын барғанын атап өтті.

Егер біздің қызметкерлер бірінші болып келгенде, ешкімді кіргізбес едік: жаяу жүргіншілерді де, полицияны да, жедел жәрдемді де. Қауіпсіздік расталғанға дейін тек ТЖД қызметкерлері жұмыс істейтін еді, деді ол.

Құтқарушылар оқиға орнына келгеннен кейін аумақты тексеріп, үйінді астынан екі адамды тапқан. Олар зардап шеккендерді қауіпсіз жерге шығарған. Сондай-ақ қабырғаның әрі қарай құлау қаупін азайту үшін қауіпті құрылымдарды бөлшектеу жұмыстары жүргізілген.

Сотта Дайыров ТЖД қызметкерлерінің басқа жедел қызметтермен өзара іс-қимылы Ішкі істер министрінің №445 бұйрығы және арнайы алгоритм негізінде реттелетінін де айтты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу