Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлттық кеңес араша түспеген мәселеге АҚШ алаңдаулы

Саясат
Ұлттық кеңес араша түспеген мәселеге АҚШ алаңдаулы

АҚШ тарабы Қазақстандағы қоғамдық белсенділердің ұсталуына байланысты алаңдаушылық білдірді.

«Біз үнемі адам құқықтарының сақталуының маңыздылығы мен мемлекеттік басқарудағы адалдық жайлы Қазақстан билігімен пікір алмасамыз. Азаматтық белсенділердің қамалып жатқаны жайлы ақпаратты естіп алаңдап отырмыз. Және мұқият бақылап отырмыз.Біздің алаңдаушылық  бостандықты қорғау. Оның ішінде сөз бостандығын», - деді АҚШ дипломаттары деп хабарлады КазТАГ.

Сонымен қатар америкалық дипөкілдер АҚШ-тың Қазақстанмен қарым-қатынасты бағалайтынын және Қазақстан азаматтарының саяси өмірге араласуын, бостандығын қолдайтынын айтты.

Оқи отырыңыздар: Тайжан: Ұлттық сенім кеңесінен өткір мәлімдеме күтпеңіздер

Естеріңізге сала кетейік, карантин кезінде Әлнұр ІЛИЯШЕВ, Арман ШОРАЕВ, журналист Ұлан ШӘМШЕТ ұсталған болатын.

2019 жылғы жаппай шерулерден кейін құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелері президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ жанынан құрылған консультативті органның қоғамдық белсенділерге араша түсе алмайды дейді.

Фото: tengrinews.kz

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу