Ұлттық спорт қауымдастығының Алқа отырысы өтті  

Қазақстанның көшпелі мәдениеті мен имиджін шетелде дамытуды  көздейтін жоспарлар бар

Malim Админ

  • 27.01.2023

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының Алқа отырысы өтті. Жиынға  Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Қауымдастық президенті Исламбек Салжанов, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіретін федерациялардың басшылары қатысты.

Алқа отырысында сөз сөйлеген Асхат Оралов Ұлттық спорт түрлерінің еліміз үшін ерекше маңызы бар екеніне көңіл бөлді.

«Менің ойымша, Қазақстанның есімі олимпиадалық спорттың әлемдік аренасында белгілі бір деңгейде қалыптасты, енді ұлттық спортқа да осындай биіктерге көтерілудің уақыты келді», - деп атап өтті министр.

Қауымдастық президенті алқа отырысында сөйлеген сөзінде Қауымдастық мемлекет пен қоғамның ынтымақтастығы негізінде ұлттық спорт түрлерінің тұрақты дамуының экожүйесін қалыптастыруға бағытталған жаңа нақты қадамдар жасағанын атап өтті. Олардың қатарында құқықтық реттеу жүйесін жетілдіруді, Қазақстанның көшпелі мәдениеті мен имиджін шетелде дамытуды  көздейтін жоспарлар бар.

Сондай-ақ, отырыс барысында Қауымдастықтың 2023 жылға арналған Даму стратегиясы мен Жұмыс жоспары таныстырылып, бекітілді.

«Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Қауымдастық жұмысында кейбір өзгерістер орын алды. Спорт түрлері бойынша Ұлттық қауымдастық құрамында бұрын 5 федерация болған (Көкпар, Жамбы ату, Аударыспақ, Теңге ілу, Бәйге), қазір бізге тағы 4 федерация қосылды: Дәстүрлі садақ ату, Тоғызқұмалақ, Асық ату және Құсбегілік» - деді Қауымдастық президенті. 

Сонымен қатар, 2024 жылы Қазақстанда өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу мәселесін талқылады. Атап айтқанда, жаңа ипподромның ашылу жобалары мен алдағы іс-шараның мамандандырылған спорттық және мәдени инфрақұрылымының басқа да объектілері таныстырылды. Талқылау нәтижесінде нақты ұсыныстар әзірленді.

YPO Kazakhstan төрағасы, белгілі спорт функционері Ерлан Қожасбай да ой- пікірін білдіріп,  бұл жұмысқа бизнес тұрғысынан қарау керек екенін айтты. «Іс-шара пайдалы болуы керек. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу Олимпиада ойындарын өткізуге тең. Сондықтан болашақта арнайы салынған ғимараттарды дұрыс пайдалану туралы ойлану қажет», - деп атап өтті Ерлан Қожасбай.

Байланысты жаналықтар

ҰҚК қырғыз көкпаршысына «қысым көрсетілгеніне» қатысты мәлімдеме жасады

13.09.2024

Қазақ пен қырғызға тек бауырмалдық жарасады. Көкпар федерациясы

13.09.2024

Осыншалықты әділетсіздік жасайды деп ойламадық - қырғыз көкпаршысы

12.09.2024

Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынында 32 алтын жүлде бар

12.09.2024

Қырғыз жанкүйерлері көкпар нәтижесіне наразылық білдіріп жатыр

12.09.2024

Жеңімпаз болған қазақ көкпаршылары қанша сыйақы алады?

12.09.2024
MalimBlocks
ҰҚК қырғыз көкпаршысына «қысым көрсетілгеніне» қатысты мәлімдеме жасады

ҰҚК тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады

Қазақ пен қырғызға тек бауырмалдық жарасады. Көкпар федерациясы

Көкпарда қамшысын сілтеп жіберсе, аса бір арызданатын жағдай емес

Осыншалықты әділетсіздік жасайды деп ойламадық - қырғыз көкпаршысы

Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынында 32 алтын жүлде бар

Қырғыз жанкүйерлері көкпар нәтижесіне наразылық білдіріп жатыр

Бәсеке кезінде көкпаршылар арасында дау туындап, бір-біріне қамшы сілтеген болатын

Жеңімпаз болған қазақ көкпаршылары қанша сыйақы алады?

Бүгін жерлестеріміз көкпар сайысында қырғыздардан басым түсті