Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Ұлы Дала жауһарлары» Парижде көрсетіледі

Мәдениет
«Ұлы Дала жауһарлары» Парижде көрсетіледі

Қазақстан мен Франция мемлекеттері басшыларының қамқорлығымен 6 қарашада Гиме – Азия өнерінің ұлттық музейінде (Париж) Ұлттық музей мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің коллекциясынан «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесі ашылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық музей мәлімдеуінше, экспозицияда Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін (б.з.д. ІІІ мыңжылдықтан XVIII ғасырға дейін) сипаттайтын 35 сирек артефакт ұсынылған. Мәдени құндылықтар ғұн-сармат кезеңі, ортағасырлық түркі қағанаттары мен Ұлық Ұлысынан (Алтын Орда) бастап Қазақ хандығына дейінгі мемлекеттіліктің тарихи даму үдерісіне байланысты көшпелілер мәдениетінің материалдық әлемін бейнелейді.

Көрме 2025 жылдың 24 наурызына дейін жалғасады.

Фото: religions-congress.org

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу