freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлытау облысында «Мөлдір бұлақ» сенбілігі: 520 тонна қоқыс шығарылды

Қоғам
Ұлытау облысында «Мөлдір бұлақ» сенбілігі: 520 тонна қоқыс шығарылды
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Ұлытау облысында бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» жалпыоблыстық сенбілігі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатындағы шара барысында өзен-көлдер мен су айдындарының жағалаулары қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.


Ауқымды экологиялық акцияға өңір бойынша 360 ұжымнан 4500-ге жуық адам қатысып, 74 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 520 тонна қоқыс шығарылып, 131 гектар аумақ тазартылды.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы мұндай игі шаралар табиғатты аялау мәдениетін қалыптастырып, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу