freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда сарбаздарға казарма ішінде смартфон қолдануға рұқсат берілді

Қоғам
Қазақстанда сарбаздарға казарма ішінде смартфон қолдануға рұқсат берілді
Фото: gov.kz

Қазақстанда мерзімді қызметтегі сарбаздар мен әскери оқу орындарының курсанттарына казарма ішінде смартфон пайдалануға рұқсат етілді , деп хабарлайды Malim.kz.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді әскери қызметшілер смартфондарын өздерімен бірге казармаға алып кіре алады. Алайда құрылғыларды әскери бөлім аумағынан тыс жерге тек өшірулі күйде алып шығуға рұқсат беріледі. Бұған дейін сарбаздар тек батырмалы қарапайым телефондарды ғана және қатаң белгіленген уақытта пайдалана алатын еді.

Министрлік мәліметінше, байланыс құралдарын пайдалану тәртібі әр бөлімшеде жеке белгіленеді. Смартфондарды қолдану уақыты, әдетте, әскери қызметшілердің жеке бос уақытымен шектеліп, оқу-жаттығу үдерісіне кедергі келтірмеуі тиіс.

Сонымен қатар сарбаздарға телефондарын өз бөлімшесінің ішінде, яғни казармада, сондай-ақ әскери госпитальдар мен медициналық мекемелерде еркін қолдануға мүмкіндік берілген.

Қорғаныс министрлігі бұл жаңашылдық сарбаздардың тұрмыстық жағдайын жақсарту және олардың туыстарымен тұрақты байланыста болуын қамтамасыз ету мақсатында енгізілгенін атап өтті.

Жаңа ережелер сарбаздар, курсанттар мен кадеттердің күнделікті өмірін жеңілдетіп, әскери қызмет барысында моральдық қолдау алуға оң әсер етеді деп күтілуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу