Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үш адамды қағып кеткен мас жүргізуші 20 тәулікке қана қамалды

Қоғам
Үш адамды қағып кеткен мас жүргізуші 20 тәулікке қана қамалды

Сәтбаевта үш жасөспірімді қағып кеткен мас жүргізуші небәрі 20 тәулікке қамалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға 25.05.2025 жылы сағат 20:10 шамасында Сәтбаев қаласындағы Абай көшесінің бойында болған. Мас жүргізуші жол көлік оқиғасын жасап, үш бірдей жасөспірімге дене жарақаты мен материалдық шығын келтіргендігі анықталды.

«Іс материалдарын зерделеп, сот құқық бұзушыны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 608 бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», - делінген облыстық сот хабарламасында.

Фото: freepik.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу